Бүгін өткен брифинг барысында Алматы облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Айдар Балтағұловтың хабарлағанындай, әкімдік қызметкері Қапшағай су қоймасының жағасынан жалға берілетін жағажай аумағын алып беруге көмектесу үшін 1000 АҚШ долларын сұраған.
Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жіберілді.
16:05, 02 Тамыз 2011
Қапшағай қаласы әкімдігінің шенеунігі түрмеге қамалуы мүмкін
ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласында пара алды деген күдікпен Қапшағай қалалық Экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі бастығының орынбасары қолға түсті.