Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім еткендей, өрт жексенбіден дүйсенбіге қараған түні, 31 қаңтарда Қапшағай қаласы, Степная көшесі,1 мекен-жайында орналасқан үйде болған. Жалын тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен басталып, көрші пәтерлерге жайылған. Жалынның аумағы 300 шаршы метрді құрады.
«Өрт болған жерден сол үйде тұратын 43 жастағы ер адамның денесі табылды, 3 адам құтқарылып, 23 адам, соның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген баспасөз қызметтің таратқан ақпаратында.