Қапшағайда жағажай футболынан Қазақстанның Суперкубогі сарапқа салынады

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Сәуірдің 24-і күні Қапшағайда жағажай футболынан Қазақстанның Суперкубогі сарапқа салынады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел чемпиондары павлодарлық «Арман» командасы Қазақстанның Кубогінің иегері Қапшағайдың «Барысымен» бақ сынасады. Жеңімпазды анықтау үшін қарсыластар үш ойын өткізеді. Алғашқы екі ойын сәуірдің 24-і күні, қалған бір ойын 25-і күні өткізіледі.