14 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Өрт 12 ақпанда сағат 08.15-те сөндірілді.
Жалынды ауыздықтауға Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің 10 адамы мен 3 техникасы, «Қапшағай су құбыры» мекемесінің 1 су таситын көлігі жұмылдырылды.