Қапшағайдағы режімдік нысанда сүңгуірлер қолға түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Стратегиялық режімдік нысан болып табылатын Қапшағай ГЭС-інің аумағында полицейлер Алматы қаласының үш тұрғынын ұстады.

Олар полицейлермен қорғалатын акваторий суында құрықталды. Анықталғандай,  суасты аңшылық әуесқойлары балық аулау үшін нысан аумағына заңсыз жүзіп кірген.

 Тәртіп сақшылары ұсталғандардан сүңгу костюмдері мен суасты аңшылыққа арналған 2 қаруды, ауланған балықтың 7 келісін алды.

 Қазіргі кезде ұсталған сүңгуірлерді қазақстандық заңнамаға қатысты жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.