Қалалық ауруханаға бытыралы оқ жарақатымен Қапшағай тұрғындарының бірі түсті. Жергілікті полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады.
Ұсталған жігіттің мәлімдемесін зардап шегуші де растады. Ол ресми түрде арызданудан бас тартты. Қару әзірге табылған жоқ. Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол аңшылық шолақ мылтықтан атқан, кейін оны көлге лақтырып жіберген.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Қапшағай полицейлері алдын ала тергеу амалдарын жалғастыруда, күдіктіден ешқайда кетпеу жайында қолхат алынды.