Қарағанды билігі қала тұрғындарын аулаларындағы қарды тазарту үшін қысқы сенбілікке шығуға шақырды

ҚАРАҒАНДЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда аулалардағы қарды тазарту үшін қысқы сенбілік жарияланды.

«Қаланың барлық тұрғындарын аулаларының аумағын жинап, одан қарды шығару жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз», - делінеді Қарағанды әкімдігі таратқан үндеуде.

Бұдан басқа, Қарағанды облысының ТЖД төтенше жағдайдан сақтану үшін шатырларда жиналып қалған қар мен қызылсу мұздан тазарту бойынша шұғыл шараларды қолдануға шақырды. «Сулы қар түріндегі мол жауын-шашынның түсуіне байланысты қардан тұрғын үйлер шатырларының құлауы фактілері тіркелді», - деп атап өтілді хабарламада.

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратынша, Қарағанды облысында қыс басталғалы түскен қар көлемі нормадан 5-7 есе көп болды. Билік өкілдерінің мәліметтерінше, күн сайын қардан тазарту жұмыстарына 350-360-қа дейін жол жұмысшылары шығады, орташа есеппен алғанда 300 техника бірлігі жұмылдырылған. Мониторингке сәйкес, тәулік сайын 5000-8000 текше метр қар шығарылады.