«Циркте шыққан өрт туралы ерлі-зайыпты Тойболды отбасы хабарлаған. Анықталғанындай, түтінді әйелі Күлжат байқаған. Ол күйеуіне өрт сөндірушілерді шақыруға кеңес берген. Жолдасы Нұрлан дүрбі арқылы түтіннің ғимараттың дәл төбесінен шығып жатқанын байқаған соң, өрт қызметінің орталық пультіне хабар берген», - деп атап өтті құтқарушылар. Өрт сөндіру қызметі бұл отбасыға қауіпті байқағаны үшін алғыс айтып, марапаттауға мүдделі.
Қазіргі таңда бұл оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өртке дәнекерлеу жұмыстары барысында қауіпсіздік шаралары сақталмағаны себеп болған.