Қарағанды индустриалдық паркінің нысандары мемсараптама қорытындысынсыз салынған - Ахметов ісі бойынша куәгер
Еске салсақ, бұдан бұрын сот отырысы барысында іс бойынша айыпталушылардың бірі - Қазақстан өнеркәсіптік корпорациясы бас директорының орынбасары Әлжан Ақмолдаев куәгер ретінде сөз сөйлеп, Серік Ахметовтің қамқорлығы арқасында оның командасы Қарағанды индустриалдық паркінде инфрақұрылымдық нысандарды салуға тиімді қосалқы мердігерлік алғанын айтқан. Одан әрі Қазақстан өнеркәсіптік корпорациясына кіретін «Центрстрой-комплект НС» ЖШС тұрмыстық қалдықтарды тазалау стансасының техологиялық жабдықтарын ауыстыруға бастамашылық еткен.
«Түзету негізінен жобаның технологиялық бөлігін қамтыды. Бастапқыда «USB» ағын суларын тазалау технологиясы қабылданған. Жобаны «Сәулет» ЖШС орындады. Сосын жаңа жобалаушылар келді, бізде сол шаруашылық-тұрмыстық ағын суды тазалау технологиясы өзгерген болып шықты. Олар мұны жабдықтың чехиялық жабдыққа ұқсастығымен, «USB-ге» қарағанда, шығынның барынша төмен болатындығымен түсіндірді», - деді Т.Тұманова. Сол уақытта оларға уәкілетті органнан қоңырау шалып, оған сараптамаға жартылай салынып қойған нысан бойынша материал ұсынылғанын хабарлады. «Менен «сіз нысанның басым бөлігі салынып, пайдалануға енгізілгенін білесіз бе, орындалған жұмыс актісі бар ма?» деп сұрады. Алайда бізге бұл туралы ешкім айтқан жоқ. Мен түсініктеме жаздым. Онда нысан жұмыстары аяқталғанын білмейтінімді де жаздым. Артынша қаржы полициясы келіп, барлық құжаттаманы тәркіледі», - деді Тұманова. Айта кетейік, бюджет қаражаты есебінен ҚР-да инфрақұрылым нысандарын салуға негіз мемлекеттік сараптама бекіткен жобалық құжаттама болып табылады. Ол болмаған жағдайда құрылыс заңсыз деп танылады.