Қарағанды қаласында өртте зейнеткер қаза болды

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 14 ақпан күні, түнгі сағат 03.08-де Қарағанды қаласында Буровая көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тілсіз жау сағат 04.30-да сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 18 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің салдарынан 82 жастағы ер адам көз жұмды.