Мұның алдында Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс 29-шы сессиясы өтіп, онда депутаттар Қарағанды әкімінің қызметіне ұсынылған кандидатураны бірауыздан бекітті.
Б.Әбдішев 1968 жылы туған. Ол Қарағанды облысында туып-өскен. 2008 жылдың желтоқсан айынан бері «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында инновациялық комитет төрағасының орынбасары болып қызмет етіп келген.
С.Ахметов, сондай-ақ Қарағандының бұрынғы әкімі Ислам Тоғайбаев өз өтінішіне сәйкес және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша қызметінен босатылғанын хабарлады.