деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаменті биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мемлекет бюджетіне 55 млрд. теңгеден астам қаржы аударды, посткедендік бақылау аясында қосымша 1,1 млрд. теңге төлетілді», - делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпаратынша, қаңтар-қараша бойынша Қарағанды облысының жалпы сыртқы сауда айналымы 8,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл сомадан экспорттың үлесі - 83,6 пайыз, импорт 16,4 пайызды құрады.
«Қарағанды облысы ТМД, Балтық және алыс шет елдермен ауқымды сыртқы экономикалық байланыстарға ие. Біздің тізімдерімізде үнемі жаңа экспорттаушылар, Қарағандының өнеркәсіп серіктестерінің жаңа мекен жайлары пайда болады», - деп атап өтеді КБД-дан.
Осы екі арада, ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері кеденшілер 28 қылмыстық іс қозғады, соның ішінде 19-ы - экономикалық контрабанда және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару фактілері бойынша. Бұдан басқа, 294 әкімшілік іс қозғалды.
Қарағандылық кеденшілер сондай-ақ есірткілік заттардың заңсыз айналымының 4 фактісін анықтады, 3 келіге жуық есірткі алынды.
Бүгін, 12 желтоқсан күні кеденшілер өздерінің кәсіби мерекесі - Қазақстан Республикасы кедендік органдарының құрылу күнін атап өтуде.