Бұл күні көрермендер ұзақ үзілістен кейін әлемдік классика жауһары – Имре Кальманның «Сильва» опереттасын тамашалай алады.
«Спектакльді 2005 жылы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Санкт-Петербургтен келген режиссер Юрий Александров қойды. Қоюшы балетмейстер - Марина Лепилина, Сценография және костюмдер бойынша РФ еңбек сіңірген суретшісі Вячеслав Окунев жұмыс істеді», – делінген хабарламада.
Опереттада театрдың жетекші солистері Елена Филинкова, Денис Кудряшов және Александр Бойко, сондай-ақ хор мен балет әртістері жұмыс істейді. Спектакль симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен, бас дирижер Рафаэль Хамзин жетекшілік етуімен өтеді.