«Облыс әкімі Бауыржан Әбдішев селекторлық жиында кадрлық өзгерістер жайында хабардар етті. Т.Садуақасов өз еркімен жазған өтініші бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада. Таратылған ақпаратта оның не себептен қызметінен кеткендігі турасында айтылмаған. Айта кетерлігі, Т.Садуақасов 17 жылдан астам уақыт бойы денсаулық сақтау саласында жұмыс істеді әрі оның соңғы 8 жылында басшылық қызметте болды. 2012 жылдың қазанынан облыстық денсаулық сақтау басқармасына басшылық жасады. Аталған ведомство басшысының міндетін уақытша атқару Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Азамат Дүйсеновке жүктелді.
13:08, 18 Наурыз 2014
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Садуақасов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.