Бұл туралы бүгін облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қайта құрылған «Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» МБ-ның негізгі міндеті - облыс соттарының қызметін қамтамасыз ету», - делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
С.Мейрамбеков құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері қызмет етіп келеді. Сот орындау жүйесінде жұмыс жасады, Қарағанды облыстық әділет департаментінің бастығы болды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Астана қалалық соттар әкімшісінің орынбасары болып қызмет етті.