Жиын сайлау науқаны барысында азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің соттық қорғалуын қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.
«Сайлау туралы заңның бөлек баптары, азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру мәселелері, сайлау үрдісі бойынша арыз-шағымдарды қараудың тәртібі мен мерзімдері қаралды», - деп ақпараттандырады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Кеңес жұмысына кассациялық және апелляциялық сот алқаларының төрағалары, азаматтық істерді қарауға маманданданған облыстық соттың судьялары, аудандық және қалалық соттардың судьялары, облыстық сот кеңсесінің жетекшісі қатысты.