«Менің жалақым 516 мың теңгені құрайды. Тұрып жатқан үй менікі емес, оны мен жалға алып отырмын. Жалпы, Қарағанды қаласында үйім жоқ», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
15:30, 25 Қазан 2013
Қарағанды облысы әкімінің жалақысы 500 мың теңгеден асып жығылады
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің жалақысы 500 мың теңгеден асып жығылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аталған өңір басшысы Бауыржан Әбдішев айтты.