Қарағанды облысы аумағындағы республикалық жолда көктайғаққа байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы аумағындағы жаңбыр мен көктайғаққа байланысты сағат 18.40-тан бастап қолайсыз «Қызылорда - Павлодар» автожолының 433-749 шақырымы аралығындағы «Жезқазған - Атасу» учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Осыған байланысты азаматтарға жергілікті елді мекендерден жолға шықпау туралы ескерту жасалды.
Қазіргі танда «Қазақавтожол» РМК-ның Қарағанды облыстық филиалының 39 бірлік арнайы қар тазалау техникалары жұмыс істеуде.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.