Бұрын ол осы ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Людмила Башарина 1972 жылдың 8 желтоқсанында Ботақара кентінде дүниеге келген.
1999 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін бітірді, 2002 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - экономист.
Ол еңбек жолын 1989 жылы Ульянов ауданындағы механизация және жабдықтар кәсіпорнында машинист ретінде бастаған.
1997 жылы Қарағанды облысының қаржы басқармасы қаржы органдары мен облыстық қаржы аппаратының жұмысын ұйымдастыру секторының бірінші санатты маманы, одан кейін ведомство бюджеті бөлімінің бас маманы болды.
2013 жылдан бастап Қарағанды облысы Экономика және қаржы басқармасының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап қаржы басқармасының орынбасары болып жұмыс істеді.