«Биыл ведомстволық жоғары оқу орнының 74 түлегі өз кәсіптеріндегі алғашқы қадамдарды жасайды. Дәстүр бойынша оларды Қарағанды облыстық ІІД-нің басшысы, полиция полковнигі Мергенбай Жаппаров, басқармалардың басшылары және қарағандылық полиция ардагерлері құттықтады», - делінген хабарламада.
Қарағанды облыстық ІІД әскери және еңбек даңқы мұражайының директоры Айжамал Айтжанов жиналғандарды облыстық ІІБ-нің тарихымен таныстырды.