«Бүгінде «Қаражал Оперейтинг» ЖШС тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. 9 айда кәсіпорын 18 мың тонна барит концентратын шығарды. Дайын өнімнің 60% Ресейге экспортталады, қалғаны ішкі нарықта сатылады. Жобада 100 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Бүгін 40 адам еңбекпен қамтылды, негізінен бұл ауыл тұрғындары», - деп хабарлады Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасынан.
Кешен құрылысына 6 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Жобалық қуаттылығы жылына 200 мың тонна барит концентратын құрайды. 2018 жылы осы деңгейге көшу көзделген.
Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Байыту факрикасын кәсіпорын жаңа жылға қарай іске қосуды көздеп отыр.