АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру аясында 12 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев мәлім етті.
Әкімнің айтуынша, картаға жалпы сомасы 500 млрд. теңгенің 75 жобасы еніп отыр. Бүгінде 3,5 мың жұмыс орнын қамтитын 46 жоба іске қосылды. Бұл жобалардың ішінде 28-і жоспарлы деңгейде өнім шығаруда.
«Жыл соңына дейін 32 жоба жоспарлы қуатқа шығады. Қалғандары жоспарға сәйкес алдағы жылдары тиісті деңгейге шығады», - деді ол.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.