Қарағанды облысында 13 ауылдық округтің әкімі сайланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері сайланды, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сайлау 13 елді мекен мен алты ауданда өтті: Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Ұлытау.

Сайлау нәтижелері туралы Қарағанды облыстық сайлау комиссиясында айтылды.

Жаңадан сайланған 13 ауылдық әкімдердің ішінде екеуі әйелдер. 41 жастағы Меруерт Мәдікеева Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Осыған дейін ол балабақша директоры болып қызмет еткен. 54 жастағы Меркурий Ысқақова Нұра ауданының Ахмет ауылының әкімі лауазымына сайланды. Осыған дейін ол мемлекеттік қызметте - осы әкімдіктің аға маманы болып істеген.

Жаңадан сайланған әкімдердің жас мөлшерлері - 29-дан 52-ге дейін. Олардың көбісі - мемлекеттік қызметкерлер, аудандық және ауылдық әкімдіктерде бас немесе аға мамандар болып қызмет еткен. Арасында бір ІІМ зейнеткері бар: 46 жасар Серікжан Мүсіпов, ол Осакаров ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі болды. Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округіне әкім болған 30 жасар Нұрғазы Машрапов осыған дейін Ертіс ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген.

Орташа есептегенде бір орында үш адамнан бақ таластырған. 13 әкімдер қызметіне 40 үміткер тіркелген.

Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер және ауылдардың әкімдері сайланады. Сайлаушылар жергілікті мәслихат депутаттары болып табылады. сайлау құпия дауыс беру арқылы өтеді.

Үміткерлер жергілікті қауымдастықпен келісілген соң ұсынылады. Ереже бойынша олардың жасы 25 жастан төмен болмауы тиіс. Жоғары білімі болуы шарт.

Сайланған әкімдердің қызмет ету мерзімі - 4 жыл.