«21 сәуірде «Уылдырық» рейдтік шара барысында Қарағанды облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Балқаш-Саяқ автожолында 47 жастағы ер адам басқарған «УАЗ» маркалы көлікті ұстады. Көлікті тексеру барысында бес қапта 250 келі заңсыз ауланған балық табылды», - делінген хабарламада.
Жүргізушіде тиісті құжат болмады.
«Факті тіркелді. Сот алды тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды. Заттай айғақ тәркіленді. Келтірілген шығын анықталуда», - деп қосты ІІД баспасөз қызметінде.