«Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізінің бір бөлігі аймақты басып өтеді. Ол «Астана-Теміртау» күре жолының 90 шақырымын алып жатыр. Келесі жылдың аяғына қарай Қарағандыны елордамен байланыстыратын тасжол құрылысы аяқталып, тапсырылмақ. Одан кейін жол жөндеу жұмыстары Балқаштан Алматы қаласына қарай ойысатын болады. Жалпы Қарағанды облысында 500 шақырым жолдың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл мақсатқа 28 млрд теңге бөлінді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абай Санаубаровтың айтуынша, қазір жол мекемемелері қатаң бақылау жүргізуде үстінде екен. Бұл ретте инженерлік және кураторлық қызметтер мен техникалық бақылау нысанаға алынбақ, деп жаазды khabar.kz.