Қарағанды облысында 6 айға дейінгі сәбилердің жартысына жуығы анасының сүтімен қоректенеді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда дүниежүзілік емізу аптасы өтіп жатыр. БҰҰ Балалар қорынан хабарлағандай, Қазақстанда аналардың 37% сәбилерін жарты жылға дейін емізеді, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

UNICEF мәліметтерінесәйкес, ана сүтінен бас тарту жұқпалы және тыныс алу жолдары ауруларына,гипотермия және диареяға соқтыруы мүмкін.

«Сәбиді туа салакеудеге салу өте маңызды. Себебі ана сүтінде балаларды көптеген жұқпалыаурулардан қорғайтын иммуноглобулиндер мен иммундық клеткалар бар және дебаланың бойының өсуіне, дамуына әсер ететін заттар бар, сонымен қатар ол ми менинтеллектің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Емізуді жүкті әйелдерге есепкетұрғанда емханада үйрете бастайды, кейін перзентханада жалғасады. Босанған әйелүйіне келгенде бұл процессті учаскелік медбике қадағалайды», - дейді Қарағандыоблыстық Денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала бөлімі жетекшісініңорынбасары Гүлбан Мамалинова

Емізу ананың да, баланың да денсаулығы үшін пайдалы. Әйелдердеомырау, аналық без қатерлі ісіктерінің,диабеттің екі типі мен жүрек аураларының дамуы төмендейді, ал сәбиде жұқпалыжәне тыныс алу жолдары аурулары азаяды.

1997 жылдан бастап Қазақстанда емізуді қолдау,ынталандыру және қорғау бойынша мақсатты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. 10жыл бұрын баланы алты айға дейін әйелдердің тек 16% емізсе, қазір бұл сан 37%жеткен.

Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымы мен UNICEF сәбилі аналарға мынадай кеңесбереді: Алғашрет сәбиді туғаннан соң бір сағат ішінде емізуді; тек қана табиғи сүт беруді, яғни балаға ана сүтінен басқа ешнәрсебермеуді; сәбиқалаған кезде емізуді,яғни ол қаншалықты жиілікте қаласа, күндіз де түнде де емізуді; бөтелке немесе емізікті қолданбауды ескертеді.

Жаңа туған сәбилер үшін ана сүті табиғи алғашқытағам. Оның құрамында балаға өмірінің алғашқы айларында қажет қоректік заттармен энергия бар, және де бала өмірінің екінші жартыжылдығында жартылай, ал екіжасқа келгенше үштен бір бөлікке осы қажетті әрі пайдалы заттармен қамтудыжалғастырады.

Ана сүті баланыңсенсорлықжәне танымдық қабілетіндамытуғаықпал етеді, баланы жұқпалы және созылмалы аурулардан қорғайды. Тек қана анасүтін еметін сәбилердің жұқпалы балалар аурулары, атап айтқанда:диарея мен пневмония салдарынан өлімін азайтады, және де тезірек жазылуынаықпал етеді.

Сонымен қатар емізу ана денсаулығына да пайдалы. Ол бала туу арасындағыалшақтыққа, аналық без бен кеуде қатерлі ісіктерінің дамуын төмендетуге әсерінтигізіп, отбасылық және ұлттық ресурстарды арттырады, әрі сәбидітамақтандырудың ең сенімді әдісі болыптабылады және қоршаған орта үшін зияны жоқ.


Соңғы жаңалықтар