Акцияның аясында бастауыш сынып оқушылары үшін балаларға арналған оқытатын «Жолдас» атты анимациялық үш сериялы фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұдан басқа, бұл фильм жазылған дискілер облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерге таратылады.
Полицияның мәліметтерінше, 2012 жылы облыста балалардың қатысуымен болған 123 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 20 бала қаза тауып, 114 бала түрлі ауыр дәрежедегі жарақаттар алды. 2011 жылмен салыстырғанда, балалардың қатысуымен болған жол апаттарының саны 10,9 пайызға, зардап шеккендердің саны 19,7 пайызға төмендеді, қаза тапқан балалардың саны 17,6 пайызға артты.
Облыстық ІІД «Ақылды жаяу жүргінші» акциясын «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалымен және облыстық білім басқармасымен бірігіп ұйымдастырды.