Қарағанды облысында аңшылық кезінде туған ағасы мен оның құрбысын өлтіруге күдікті Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 20-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында аңшылық кезінде екі адамды, үлкен ағасы мен оның құрбысын өлтірді деген күдікпен Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны тұтқындалды.

Бұл туралы сейсенбі, сәуірдің 20-ы күні болған брифингте Қарағанды облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Роза Ібілдаева мәлімдеді.

«Тельман полиция бөлімшесіне 2010 жылғы сәуірдің 18-і күні сағат 13.00-де Теміртауға жақын қоқыс орындары мен қалдықты ғимараттар ауданында, бұталар арасында зорлық-зомбылықпен өлтірілген, нақтырақ айтсақ, бассүйегі мен денесі бытыралы отты қарудан жарақаттанған 27 жастағы еркек пен 24 жастағы әйелдің денелері табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті» - деп мәлімдеді Р.Ібілдаева.

Оның айтуынша, шұғыл іздестіру шарасының арқасында, қайтыс болған еркектің туған інісі ұсталды, күдікті сол күні үшеуінің аңшылыққа шығып, артынша қызғаныш салдарынан туындаған ұрыстан кейін ағасына оқ атып, содан куәгерден құтылу үшін оның құрбысын атып салғандығын мойындаған.

«Артынша ол зардап шеккендердің басынан соңғы мәрте оқ атып, денелерін қамыс арасына апарып тастаған. Күдіктіден 16-шы калибрлы қосауыз мылтық алынды. Сондай-ақ оқиға орнынан 16-шы және 12-ші калибрдің гильзалары таблған», - деп нақтылады облыстық ІІД басқармасының бастығы.

Қазіргі таңда оның айтуынша, ұсталған адам Бұқар жырау ауданы ІІБ-ның уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.