Бұл туралы облыс әкімі Серік Ахметов кеше, Қарттар күні Қарағандыдағы Тихонов үйінде болған кезінде мәлім етті.
«Біз сіздерге борыштармыз, сондықтан да сіздерге қамқорлық жасау - біздің парызымыз»,- деді аймақ әкімі қарияларға арнаған сөзінде. Әкім ардагерлер үйіне плазмалық теледидар тарту етті.
Тихонов ардагерлер үйі жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектер уақытша тұратын пансионат ретінде жұмыс істейді. Мұнда бір жылда 600-дей адам демалып, денсаулықтарын түзей алады. Мұнда қариялардың демалуларына және сауығуларына барлық жағдай жасалған.