Басқа жол бағыттары бойынша шешім жағдайға тәуелді қабылданатын болады. Жол полицейлері автомобильшілерге алыс жолға шығудан бас тартуды ұсынады.
Қазіргі уақытта облыс аумағында қар жауып тұр. Синоптиктердің болжамынша, қаңтардың 7-сіне қараған түні ауа күрт суытып, 15-20 градусқа дейін аяз болады, одан кейін 18-23 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Солтүстік аудандарда температура 28-33 градусқа дейін жетуі мүмкін.