деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
«Қазгидрометтің» Қарағанды гидрометеорология орталығының ақпараты бойынша, 8 ақпанда облыстың басым бөлігінде қарлы боран және қатты жел күтілуде. Желдің екпіні 15-20 метр/секундқа, кей жерлерде 28 метр/секундқа дейін жететін болады», делінген департаменттің хабарламасында.
Ауа райының нашарлауына байланысты жол полициясы 7 ақпан күні сағат 17.20-дан бастап «Жезқазған-Петропавл» тас жолы учаскесінде көлік қозғалысын жауып тастады.