Қарағанды облысында ауаның температурасы күрт төмендеуіне байланысты ескерту жарияланды

ҚАРАҒАНДЫ. 19 қазан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті синоптиктердің болжамына сілтеме жасай отырып, ауаның температурасының күрт төмендейтіндігін ескертеді.

«Қазгидромет» РМК Қарағанды гидрометеорология орталығының мәліметінше, 20 қазан күні Қарағанды облысының басым аумағында ауаның температурасы 2 градустан 7 градусқа дейін төмендейді», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратынша, Ұлытау ауданының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Төтенше жағдайлар департаменті халыққа сақ болып, ауа райының өзгеруін бақылап отыруды ескертеді.