«Дәстүр бойынша жаңа оқу жылының басында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жас педагогтарға пәтерлер бөлінеді. Бүгін бұл тамаша дәстүр жолымен жүріп ауылды аймақтардың 7 маманына пәтерлердің кілттерін тапсырғым келеді», - деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі жыл сайын жаңадан қоныстанған педагогтардың саны көбейетініне үміт білдірді. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін Қарағанды облысында 3.2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады, соның ішінде жастарға арналған үйлер де бар. Келесі жылы пәтерлер саны одан да көп болады деп ойлаймын және барлық мұғалімдерді баспанамен қамтамасыз ету уақыты алыста емес», - деп мәлімдеді Ә.Құсайынов.
Форумда сондай-ақ ведомстволық грамоталар табыс етілді. Облыстың бірқатар педагогтары Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. «ҚР Білім саласының құрметті қызметкері» атағын Жезқазғандағы № 9 кәсіби лицейінің шебері Мылтықбай Рахымжанов алды.