деп хабарлады жұма, 12 қарашада облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Приозерскіде көлге моторлы қайықпен шығып кетіп, жағалауға қайтып оралмаған жолдастарына алаңдаушылық білдірген балықшылар құтқарушылардан көмек сұрады. Адамдарды құтқару үшін дереу облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің жедел-іздестіру тобы жолға шықты», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Құтқарушылар бейсенбі күні кеш уақтында екі жоғалып кеткен балықшы мінген қайықты жағалаудан 12 шақырым жерден тауып алды. «Қайықтарының моторлары істен шыққаннан кейін балықшылар жағаға жете алмай қалған екен. Құтқарушылар істен шыққан қайықты жағаға сүйреп әкелді. Балықшылар зардап шеккен жоқ», - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.