Сенбі, шілденің 10-ы күні Ақсу-Аюлы ауылынан 20 шақырым қашықтықта, Шет ауданында «Мерседес» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі көлікпен аударылған. Соның салдарынан оқиға орнында жүргізуші және ішіндегі екі жолаушы, 20 жастағы қыз бен 21 жастағы жігіт қайтыс болды. Жарақат алған 26 жастағы жігіт пен 21 жастағы қыз облыстық медицина орталығына жеткізілді.
Жексенбі, шілденің 11-і күні «Қызылорда-Павлодар» автожолының 880 шақырымында, Абай ауданында «Тойота» және «ВАЗ-2101» автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. «Жигулейдің 23 жастағы жолаушысы алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Оқиға орнынан жарақат алған 4 адам медициналық мекемелерге жеткізілді», - делінген облыстық ІІД баспасөз орталығының таратқан ақпаратында.