Қарағанды облысында бұрқасын жалғасады

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Ақпанның 19-ында, жұма күні Қарағанды облысында бұрқасын жалғасады,

деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті синоптиктердің болжамдарына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметі бойынша, облыстың кейбір аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын күшті жел тұрады.

Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты халыққа абай болуға және алғыс сапарларға жолға шықпауға ескерту жасады.