Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
«23 маусым күні Балқаш қаласына жақын жердегі демалу орнында 14 жасар мектеп оқушысы жұмыс істеп тұрған салқындатқышқа таянып кетіп, электр тоғына түсіп көз жұмды. Өткен жексенбіде Шахан кентінде 5-інші қабаттағы балконнан абайсызда 6 жасар қыз құлап кетті. Ол ауруханада көз жұмды», - деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін хабарланғандай, 23 маусым күні Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында ойнап жүрген бала жерде жатқан жоғары қуатты кабельден тоқ жарақатын алып, қаза тапты.
«Балалар өлімінің барлық фактілері бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Полицейлер азаматтарды қырағы болып, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Маусым айынан бастап Қарағанды облысында «Демалыс» атты жедел-алдын алу шарасы басталды. Оның мақсаты - кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу.