Қарағанды облысында екі пәтерлі үй өртенді, адам шығыны бар - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында екі пәтерлі үйден өрт шықты, 36 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі, 28 мамыр күні Қарағанды облысындағы Ялта ауылында екі пәтерлі тұрғын үй өртене бастады. Өрт 8 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.