Қарағанды облысында экологиялық талаптарды бұзған 4 кәсіпорын 12 млн теңге айып төледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 4 кәсіпорыннан 12 млн теңге өндіріп алынды. Бұл туралы өңір прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын талдау кезінде қадағалау органы «SatKomir» тау-кен компаниясы» АҚ, «Акнар ПФ» ЖШС, «Аэропорт Сары-Арқа» АҚ және «К.Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС қоршаған ортаға белгіленген лимиттен жоғары көлемде ластаушы заттар тастағанын анықтады.
Бұқар жырау ауданы прокуратурасының шығынын өндіріп алу мақсатында Қарағанды облысы экология департаментінің атына заңдылықты бұзуды жою туралы ұсыным енгізілді», - делінген хабарламада.
Прокурорлық ден қою актісін қарау нәтижесі бойынша 2016 жылғы қаңтардың ортасында мемлекеттік бюджетке 12 млн теңге өндіріп алынды.