18:55, 10 Сәуір 2009
Қарағанды облысында ірі компаниялар тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан студенттерге қосымша білім гранттарын бөлді
ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында ірі компаниялардың арқасында тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан студенттерге қолдау көрсетілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Республикалық телемарафон барысында 186 адам пайдалана алатын қосымша білім гранттары бөлінді. Бұған «Қазақмыс», «АрселорМиттал Теміртау», «Азимут-Энержи», «Абсолют-Қазақстан», «Нова-Цинк» сияқты компаниялар үн қосты. Сөйтіп бизнес мемлекеттік бағдарламаға қолдау көрсетті.Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, ақылы негізде оқып жатқан студенттерге қосымша білім гранттары мен несиелерін беруге қаржы бөлінген болатын. Қарағанды облысында 700-ден астам адам гранттарға ие болды.