17 қаңтарда Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағында «Екатеринбург – Алматы» автожолында «Тойота Камри» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғынын қағып кетті. Апат салдарынан ол жарақат алған.
Жол-көлік оқиғасынан кейін «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі зардап шеккен адамды Теміртау қаласының ауруханасына жеткізген. Алайда жігіт алған жарақатынан көз жұмды.
«Осы фактіге қатысты ҚК 345-бап 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлеріне бағынбай, жолға шығып кеткені үшін ҚР ҚК 667-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.