Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Өрт сағат 01:51-де ауыздықталып, 02:12-де толық сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.
Жалын тілі 20 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде егде жастағы ер адамның мәйіті табылды.