Қарағанды облысында күн күрт суытады - Қазгидромет

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында күн күрт суытуы мүмкін,

деп ескертеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті синоптиктерге сілтеме жасап.

«Қазгидромет» кәсіпорнының облыстық филиалының мәліметтері бойынша, облыс аумағында ақпанның 23-інде қар жауып, боран болады, солтүстік-шығыстан секундына -14 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді деп күтілуде. Болжам бойынша, түнде облыстың солтүстігінде ауа температурасы 30-35 градус аязға дейін, оңтүстігінде - 15-20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз аяз - 10-15 градусты, солтүстік аудандарда - 18-23 градусты шамалайды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, департамент халыққа алыс жолға шықпауға кеңес беруде.