Бұл туралы Қарағанды облысының статистика департаменті хабарлап отыр.
Оның хабарлауынша, 2011 жылдың қаңтарында жан басына орта есеппен алғанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 13 666 теңгені, ақпанда 14 275 теңгені құраса, наурыз айында ол 14 555 теңгеге дейін өсті. Есептеулер көрсетіп отырғандай, жыл басынан бері өсім 6 пайызды құрады.
«Оның құрылымындағы тамақ өнімдерінің құны 8499 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 5666 теңгені құрады», - деп хабарлады статистика департаменті.