«16 тамызда түнде Ұлытау ауданында ЖШС бірінің қызметкерлерінің арасында төбелес орын алды. Салдарынан үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция қызметкерлері төбелеске қатысқандардың барлығын ұстады, мәселенің мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.