Қарағанды облысында медицина қызметкеріне жалақы аудару кезіндегі қателік түзетілді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері өңірдегі медициналық мекемелерінің бірінде қызмет ететін медбикеге жалақысын аудару кезінде пайда болған техникалық қателікті шешуге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жуырда zarplata@zdravkrg.kz электронды поштасынаоблыстағы бір емхананың қызметкерінен шағым түскен. Медбике өз жалақысыныңтүбіртегін жіберіп, онда уәде етілген 30% қосымша ақының жоқтығына шағымданған.Тексеріс барысында жеке мәліметтерді енгізу кезінде компьютерлік ақау болғаныанықталды. Қателік түзетіліп, медицина қызметкеріне толық көлемде жалақытөленді.

«Өкінішке орай кейде осындай жағдайлар болады, сондықтанегер медицина қызметкерлерінде жалақыны аударуға қатысты мәселелер туындапжатса, олар біздің поштамызға жаза алады, өз кезегімізде біз мәселені шешугекөмектесеміз», - дейді Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары ӘселТұяқова.

Электронды пошта іске қосылғаннан бері оған 16 хат келіптүскен. Келіп түскен хаттардың көбі Қарағанды облысындағы медициналықмекемелерге қатысты болмағандықтан жалақыны дұрыс аудармау туралы шағымдарбасқа өңірлерге жолданды.

Еске сала кетейік, zarplata@zdravkrg.kz электронды поштасы шілде айының басында іскеқосылды. Мұнда кезкелген медицина қызметкері жазып, өзінің жалақысына қатысты түсініктемелердіала алады.

Қарағандыоблысында 18 000 аса медициналық қызметкер (дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар)үстемелі жалақы алды, дәлірек айтар болсақ қызметтік төлем емес, нақты жалақы өсті.

Бюджеттіксаланың төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақысын өсіруді «Nur Otan» партиясының съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғанболатын. Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аталмыш тапсырманы орындау мерзімі 2019-шы жылдың 1 маусымына ауыстырылған еді.

Соңғы жаңалықтар