Қарағанды облысында мемлекеттік қолдау шаралары мал азығы өндірісіне бағытталады

ҚАРАҒАНДЫ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру шеңберінде ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа амалдары жасалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Егістік жерлер құрылымындағы жемшөптік дақылдардың үлесін көбейту мақсатында өсімдік шаруашылығының барлық дерлік субсидиялары 2013 жылы мал азығы өндірісіне аударылды. Осылайша, ағымдағы жылы аграрийлерге субсидиялар тек жемшөптік дақылдар - арпа мен сұлыға бір гектарға 2000 теңгеден төленеді. Сондай-ақ көпжылдық шөптердің субсидиясының көлемі 1 гектарға 4500 теңгеге дейін көбейтіледі, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есеге көп», - делінеді хабарламада.

Бұдан басқа, арпа және сұлы тұқымдарының бағасын арзандатуға 142,8 млн. теңге және көпжылдық шөптердің тұқымдарын арзандатуға 65,9 млн. теңге бөлінуде.