Бұл туралы бүгін облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Нелегал-2011» жедел-алдын алу шарасының тоғыз күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 682 шетелдік және ҚР азаматтары жазаға тартылды. Соның ішінде 53 адам Қазақстанға заңсыз келгені үшін жауапқа тартылды», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Полицияның хабарлауынша, алты адам заңнаманы бірнеше мәрте бұзғаны үшін әкімшілік түрде жазаланды.