Қарағанды облысында «Нұрқазған» руднигінде тау жынысы кесегі екі жұмысшыны жарақаттады - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Нұрқазған» руднигінде тау жынысы кесегі екі жұмысшыны жарақаттады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сенбі күні, 11 тамызда Қарағанды облысында «Нұрқазған» руднигінде өндірістік жұмыстарды жүргізу кезінде тау жынысы кесегі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің «Қарағандытүстімет»  өндірістік бірлестігінің 27 жастағы екі жұмысшысын жарақаттады. Бұрғылаушы мен бұрғылаушының көмекшісі ауруханаға жеткізілді.