Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер гранатаның жарықшағынан жараланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында граната лақтырудан оқу-жаттығулар кезінде 24 жастағы әскери қызметкер жарықшақтан жарақат алды, деп хабарлады Орталық аймақтың әскери прокуроры Айтуған Бижанов.

ТЖ 15 сәуір күні Қарабас ауылында орын алды. «Оқу-жаттығулар кезінде РГД-5 гранатасынан 1990 жылы туған әскери қызметкер жараланған. Зардап шегуші Абай ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қосымша тергеу жүргізіліп жатыр», - деді А.Бижанов.

Дәрігерлердің мәліметі бойынша, зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық.

Әскери қызметкердің айтуына қарағанда,граната лақтыру кезінде киімге ілініп қалған екен.